ZOMM бағдарламасы арқылы курс тыңдаушыларына сабақ өтті

2022 ж. 16 шілде

ZOMM бағдарламасы арқылы курс тыңдаушыларына сабақ өтті

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі оқытушысы Досымбаева Мейрамкул Қуанышқызы А1 қарапайым деңгейде қазақ тілінен қашықтықтан ZOMM бағдарламасы арқылы курс тыңдаушыларына «Көптік жалғауы. Тәуелдік, жіктік, жалғауының көпше түрі, Ұжым мүшелері» тақырыбында zoom сабақ өтті. Мейрамкүл Қуанышқызы қазақ тілін меңгеруің қарапайым деңгейінің А1 жалпы сипаттамасын айтып өтті. Мәселен, А1 қарапайым деңгейінде тіл қолданушы қатысым барысында күнделікті-тұрмыстық, әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени-әлеуметтік салаларға байланысты шағын диалогтерге қатыса алады. Қазақ тілін қарапайым деңгейде меңгеру сертификаты – тілді оқып-үйренудің базалық деңгейіне апаратын нәтиженің көрсеткіші (сертификаттың үлгісі А қосымшасында көрсетілген. Тіл қолданушы: баяу, анық айтылған ақпаратты түсінеді; қарапайым деңгей үшін белгіленген шағын мәтіндерді оқып, мазмұнын түсінеді; қарапайым деңгей үшін ұсынылатын құжаттарды үлгі бойынша толтырып, осы деңгейдің мазмұнына сәйкес жазба жұмыстарын (шағын эссе, бақылау үшін жазба жұмыстары) орындай алады; ақпарат алу/беру сұхбатына, сұрақ-жауапқа қатыса алады. Қарапайым деңгейдегі сөздер мен сөз тіркестері 800 тілдік бірлікті құрайды. Zoom сабақ барысында тақырып аясында толық түсінік беру арқылы, сұхбаттасу, тапсырмаларды орындату, сұрақтарға-жауап беру барысында сөздік қорын дамыта отырып қызығушылығын арттыру, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру, ой қорыту болды. Қатысушылардың барлығы да оқытушыға түсінікті тілде сабақ бергені үшін алғыс айтты.