Жоба жұмысы – оқушылардың зерттеу дағдысын дамытудың құралы

2022 ж. 17 шілде

Жоба жұмысы – оқушылардың зерттеу дағдысын  дамытудың құралы

«Өрлеу» БАҰО» Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалында «Робототехника, интернет заттары негіздері (IoT), 3D модельдеу және басып шығару» біліктілікті арттыру курсы мұғалімдерінің қатысуымен педагогтердің STEM дағдысын дамытып, тәжірибемен бөлісу мақсатында «Жоба жұмысы – оқушылардың зерттеу дағдысын дамытудың құралы ретінде» тақырыбында тренинг өткізілді. Іс-шара барысында Lego Mindstorms EV3 жиынтығы негізінде жасалған «Шар лақтырғыш», «Шыбын», «Гүл», «Миксер», «Сурет салғыш» деп аталған 5 жоба жұмысы ұсынылды. Мұғалімдер топтық түрде мектеп оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттыруды, зерттеу-шығармашылық, сыни ойлау дағдыларын робототехникалық құрал-жабдықтардың көмегімен шешуге болатыны туралы сөз етіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Әр топ өз тәжірибесі негізінде жоба жұмысын жасау процесінде оқушыларда кездесетін негізгі қиындықтар мен оның шешу жолдарын, мұғалім тарапынан қандай қолдау, кеңес қажет болатынын, неге басты назар аудару керек екенін дәлелдермен келтіре білді.

Тренинг соңында жасалған жоба жұмыстары сарапқа салынып, пікірталас алаңы ұйымдастырылды.

Садыкова Г.А.

«Әдіснама және педагогикалық инновация»

кафедрасының аға оқытушысы