Жұмыс жоспарлы түрде жыл бойы жүргізілді
2022 ж. 16 шілде

Бүгінде ауыл шаруашылық мамандары аса қат мамандыққа айналып отыр. Өйткені экономиканың драйвері ауыл шаруашылығы салатын қарқынды дамыту міндеті тұр. Сондықтан да дәл осы салаға аса қажетті мамандарды дайындау күн тәртібінен түспей тұр. Осы тарапта Түркістан облысына қарасты Мақтаарал аграрлық колледжінде кәсіптік бағдар беру жұмысы өарөын алып отыр. Тіпті аталған жұмыс жоспарлы түрде жыл бойы жүргізілді. Жыл ішінде колледж ұстаздары Мақтаарал және Жетісай аудандарындағы мектеп әкімшіліктерімен келісе отырып мектептерге барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, колледждің материалдық-техникалық базасы мен тарихы, мамандықтардың таныстырылымын ұсынды. Колледжде дәстүрлі түрде мектеп бітірушілеріне және ата-аналарға арналған «Ашық есік» күні өткізіледі. Мектеп бітірушілерін колледжде даярланатын мамандықтар туралы ақпараттармен кеңінен таныстыру мақсатында колледж сайтында, колледждің фейсбук, инстаграм парақшаларында хабарландырулармен бірге колледж оқушыларының қатысуымен түсірілген бейнероликтер орналастырылды. «Санұр» ЖШС Жетісай қоғамдық телеарнасында, «Мақтаарал» аудандық қоғамдық-саяси газетіне мамандықтар туралы хабарландыру жарияланды