«Өзін оқыған кітапты өзгеге сыйла» тақырыбы аясында буккросинг акциясы өткізілді

2022 ж. 12 шілде

«Өзін оқыған кітапты өзгеге сыйла» тақырыбы аясында буккросинг акциясы өткізілді

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы №19 колледж кітапханасының кітап қорын көбейту мақсатында кітапханашы Эльмира Сапарбекованың ұйымдастыруымен «Өзін оқыған кітапты өзгеге сыйла» тақырыбы аясында буккросинг акциясы өткізілді. "Кітап дегеніміз – қоғам. Жақсы кітап, жақсы қоғам тәрізді сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді. Иә, адамның қандай екенін оқыған кітаптары арқылы да айтып беруге болады, өйткені, сенің оқыған кітабың - сенің өмірлік ойың». Философтардың дәл осы пәлсапасы расында көңілге қонымды. «Буккроссинг» қазақшаға аударғанда «Кітап сыйлау» немесе кітаптың айналыста жүруі» деген мағынаны білдіреді. Аталмыш алмасу акциясына оқушылар өздерінің қалаған кітаптарын алып келіп, орнына әкелген кітаптарын бір-бірімен алмасты. Адамды адамзатқа айналдырған кітап атты ұлы құдіреттің асыл қасиетін барша жұрттың жүрегіне тегіс жеткізе алсақ, шынында да көп адам бақытқа кенелмей ме. Кітап – адам баласының ақыл –ойынан туған , байлықты сақтап,оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын білім және тәрбие беретін құрал. Сондықтан біз кітапты қадірлейік, сақтайық, жансерігімізге айналдырайық. Бүгінгі акцияға қатысушылардың барлығы да осы ойда болғаны рас. Көпшілікке берері мол акция алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.