Жетісай ауданының педагогы «Ең үздік ұстаз» атанды
2022 ж. 6 шілде

Түркістан облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыстағы мектептерінің орыс тілі ұстаздары арасында «Ең үздік ұстаз» байқауы болып өтті.
Пазылова Алтынай Абуовна тартысты байқауда өзінің педагогикалық шеберлігімен ерекшеленіп, кәсіби деңгейі жоғары, білімді игертудегі өзіндік әдістемесін қалыптастырған және жаңалықты оқушы санасына қалыптастыра білген, үнемі ізденіспен еңбек ететін білікті ұстаз екенін дәлелдеп, жүлделі II орынға ие болды.
Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сейдалиев Еркебұлан Құттыбайұлы Алтынай Абуовнаның жүлделі II орын алуымен құттықтап, өз алғысын білдіріп, арнайы алғыс хатпен марапаттады. Бөлім басшысы ауданымыздың ұлағатты ұстазына «Сіздер - жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі болмақ. Сіз алдағы уақытта да өскелең ұрпақтың парасаттылығы мен рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытып, жан аямай еселі еңбек етеді деген сенімдемін» - деп, өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстары және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріне толымды табыс тілеп, қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолына тек өрлеу мен шығармашылық табыс тіледі.
Жетістікке жетуде адам бақытының қайнар көзі – еңбек ету деген ұранды ұстанатын Алтынай Пазылова алдағы уақытта талай белесті бағындырады деген сенімдеміз.
Ұлағатты ұстазға шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіп, шығармашылық ізденістер мен ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін демекпіз.