Жетілдірілген әліпбимен таныстыру жұмыстары жүргізілді
2022 ж. 6 шілде

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында, ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, «қазағым» деп жүрегі соққан, халқын алға жетелеуге ұмтылған, оның зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан Алаш тобының рухани көсемі, тіл білімінің атасы – Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әліпбиін құрастыруда еңбегі зор. Қазақ әріптерін латын әліпбиінде таңбалауды қолға алып, алғашқы сара жолға қадам бастап берген ұлы көсемнің жолын жалғастыру болашақ жастар еншісінде.
Түркістан облысына қарасты Кентау қаласы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының қызметкерлерін Жетілдірілген әліпбимен таныстыру жұмыстары жүргізілді.«Латын әліпбиі» атты парақшалар таратылды. Парақшаларда жаңа қазақ әліпбиі мен графиканың таңбалануындағы ерекшеліктер түсіндірілген.