Жетілдірілген латын негізді қазақ әліпбиінің үлгісімен таныстырды
2022 ж. 6 шілде

Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында орталықтың қазақ тілі оқытушысы Сағынтаева Жанар Қайратқызы Жетісай жоғары медицина колледжінің студент жастары арасында «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыруталабы» атты ақпараттық сағат өткізіп, жетілдірілген латын негізді қазақ әліпбиінің үлгісімен таныстырды.
Ақпараттық сағат өтудегі басты мақсат- латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Іс-шарада студент жастарға
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлттың ұлы ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлы» атты тақырыпта диктант жаздырылды. Бір дыбыс - бір әріп ұстанымына сәйкес әзірленген әліпби студент жастардың көңілінен шығып, қызығушылықпен өз көзқарастарын білдірді.Жалпы жаңа әліпбидің бізді жаңа мүмкіндіктерге, зор жетістіктерге бастайтыны сөзсіз. Себебі латын қарпі - ғылым мен техниканың, интернет пен IT-технологиялардың тілі. Латын әліпбиі рухани болмысымызды байытып, қоғамдық ой-санамызды жаңғыртады. Бұл әліпби қазақстандықтар үшін ғана емес, сонымен қатар төрткүл дүниеге тарыдай шашылып кеткен қандастарымызға да ортақ әліпби болмақ . Жетілдірілген әліпби нұсқасы қазақ тілінің дамуына жаңа серпін беріп, оның заманауи үрдістерге сай жаңғыруына ықпал етеді деген мол сеніміміз бар.