Жемқорлықтың алдын алу мақсатында акция өтті
2022 ж. 16 шілде

Түркістан облысына қарасты Мақтаарал аграрлық колледжінде оқытушылар мен оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған, жазғы сынақ-емтихан сессияларын және мемлекеттік емтихандар, дипломдық жобаларды қорғау барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Таза сессия» акциясы жүргізілді. Акция аясында оқушылардың арасында сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жол бермеу жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, колледжішілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы оқушылар ынтымақтастығын кеңейту және жандандыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ іс»» атты сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың қорытындысы бойынша біздің колледжде сыбайлас жемқорлық, құқықбұзушылық әрекеттері орын алмағаны анықталды. Бұл колледж жастарының жемқорлыққа қарсы мәдениеті жоғары деңгейде қалыптасқандығын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында өткізілетін шаралардың өз нәтижесін бергенін білдіреді.