Үздік жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз ету – басты назарда

2022 ж. 15 шілде

Үздік жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз ету – басты назарда

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданынағы №12 колледжінде WorldSkills стандарттары бойынша демонстрациялық емтихандар туралы «Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» негізінде техникалық және кәсіптік білім бойынша студенттердің практикалық дағдыларын сапалы және кешенді бағалауға бағытталған демонстрациялық емтихан түрінде бітіруші курс студенттерін қорытынды бағалаудың жаңа жүйесі енгізілді. Колледжде бітіруші түлектер келесі мамандықтарда: «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу жəне пайдалану» , "Тігін өндірісі жəне киімді үлгілеу" , "Дəнекерлеу ісі" бойынша WorldSkills стандарттарына сәйкес алғаш рет өткізіліп жатқан демонстрациялық емтихандар бойынша сәтті аяқталды. Колледж демонстрациялық емтиханды өткізу үшін жеке жұмыс беруші кəсіпкерлермен құжаттар қаралып, емтиханды өткізу үшін келісім алынды.

Демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін емтихан өткізу алаңдарын жабдықтап, талап етілетін қажетті материалдарын, емтихан құжаттарын алдын-ала дайындау үшін бірқатар жұмыстар атқарылды.Демонстрациялық емтихан – жаңа форматтағы инновациялық қорытынды аттестаттау. Емтихан CIS жүйесін (Competition Information System – демонстрациялық емтихан немесе WorldSkills чемпионаты кезінде ақпаратты өңдеуге арналған мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы өткізіледі. Нәтижесінде бірнеше модульден тұратын жұмыс, 100 баллдық шкала бойынша сараланып, ұпайлар көптеген аспектілер үшін беріліп, объективті түрде бағаланады.Студент орындаған тапсырманы тәуелсіз сарапшылар атап айтсақ, "ЖК Мусаев" басшысы Мусаев Е., "Амина" ЖК басшысы Рузиева Ф., "Менглиев Т:Э" ЖК басшысы Менглиев Т., арнайы пəн оқытушылары бағалады. Қорытынды бойынша демонстрациялық емтихандарды сәтті тапсырған бітірушіге дипломмен қатар Skills Passport электрондық паспорты беріледі және әлеуметтік серіктестер сұранысқа ие құзыреттер бойынша үздік жас мамандарды жұмысқа шақырады.Еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнын объективті бағалау, материалдық-техникалық базаның өндірістің қазіргі заманауи талаптарға сәйкестеу, сонымен қатар педагогикалық құрамның біліктілік деңгейін арттыру мүмкіндігі болып табылады. Соның нәтижесінде сұранысқа ие құзыреттер бойынша үздік жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз ету, колледжге абитуриенттер шақыру, яғни кәсіби бағдар жұмыстарын жүзеге асыру және білікті кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастық үшін колледждердің базасы қалыптасады.