Жазғы сабақтар әдеттегі форматтан өзгеше өтілуде

2022 ж. 24 маусым

Жазғы сабақтар әдеттегі форматтан өзгеше өтілуде

Жаз айларындағы демалысты мектеп оқушылары ерекше ықыласпен күтетіні анық. Тоқсан сайынғы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндедегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Осыған орай бүгінде білім ордаларында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында және мектеп жанынан «Жазғы мектеп» өз жұмысын бастады. Аты айтып тұрғандай жазғы мектептің негізгі міндеті – білім берумен қатар баланың демалып, спорттық ойындарға қатысуы, мәдени дамуы және де баланың дамуына тұрақты психологиялық әсер ететіні сөзсіз. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының дүниетанымдық көзқарастарының даму кезеңі. Жазғы демалыс балалардың негізгі сабақтан қолы босап, өзінің қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз – тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, қызығушылығын арттырудың, дүниетанымын кеңейтудің мәні зор. Осыған орай, балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану мақсатында, олармен түрлі шаралар өткізілді. Қазіргі таңда республика бойынша жазғы мектепте сабақтар өтіп жатыр. Сондай-ақ, Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданында жазғы сабақтар әдеттегі форматтан өзгеше өтілуде. Мәселен, математика, физика, ағылшын тілі және өзге маңызды пәндер бойынша икемді оқу кестесі ұйымдастырылып, сабақтар мұражайларға және экскурсияларға бару түрінде де жүзеге асырылуда. Жазғы уақыттағы оқу барынша қызықты әрі мазмұнды өту үшін мектепте барлық жағдай жасалған. Осы орайда, жазғы мектеп – білімді шыңдаудың керемет мүмкіндігі. Қашықтан оқыту кезінде үлгерімі нашарлаған білім алушыларға олқылықтың орнын толтыруға көп септігін тигізіп жатыр. Ордабасы ауданындағы Б.Оңтаев атындағы жалпы орта мектебіндегі жазғы мектеп жұмысы бүгінде қыз-қыз қайнап жатыр. Сабақтарды өте қызықты етіп ұйымдастырғандықтан оушылардың жазғы мектепке деген қызығушылығы артып отыр.