Жазғы мектеп тынысы

2022 ж. 6 шілде

Жазғы мектеп тынысы

Жазғы мектеп – бұл балалардың белсенді демалысы мен белгілі бір пән бойынша интенсивті дайындық жүргізілетін жазғы лагерьдің бір түрі. Жазғы меткеп өз жұмысын жоспарға сәйкес бастайды. Жазғы мектептің мақсаты – оқушылардың тілдік және сөздік, сонымен қатар ойлау қабілеттерін сабақ және ойын іс-әрекеті арқылы жүзеге асыру болып табылады. Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің Ә.Молдағұлова атындағы №34 жалпы орта мектебінде жазғы мектеп жұмысы аясында 1 «Б» сынып оқушыларына «Ұзындық. Өлшеу және салыстыру» тақырыбында сабақ өтілді. Мектебіміздің білікті ұстаздарының бірі Б.Ермаханбетованың ұйымдастыруымен өткен сабақта оқушылар математика саласының қыр-сырын оқып үйреніп, білімдерін тереңдетті. Оқушыларға ұзындық өлшемдерін салыстыруды үйрету, ұзындықтың өлшем бірліктеріне байланысты есептер шығаруды меңгертуді мақсат еткен сабақ жоғары дәрежеде жоспарланып, өз мақсатына жетті.