«Жазғы демалысты қалай өткіземін?» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді

2022 ж. 16 шілде

«Жазғы демалысты қалай өткіземін?» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді

Бүгінгі таңда психология ғылым саласының аясы біршама кеңейе түсті. Мектепке дейінгі мекемелерде, мектепте, тіпті орта және жоғарғы оқу орындарында да балаларды тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелеріне отбасы мен педагог бірлескен өзара тығыз байланыста болуға тиісті. Бұл тарапта психологтар жақсы жұмыстар атқаруда. Білім саласының негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту болып табылады. Бұл талаптар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болмақ. Бүгінде психологтар түрлі тренингтер өткізуде. Бұл өз кезегінде оқушылардың, студенттердің өзін өзі дамытуда көп көмегін тигізеді. Тренинг – кәсіптік және тұлғалық қарым-қатынастағы құзіретті дамытуды көздейтін интерактивті оқытудың бір түрі. Ал осы тренингтерде жеке тұлғаның ерекшелігінің даму деңгейін анықтайтын диагностикалық әдіс қолданылады және осының негізінде тренингтің, ойындар мен арттерапия элементтерінің көмегімен көптеген жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік бар. Тренингтегі топтық жұмыстар қатысушылардың белсенділігін арттыруға, серіктестік қатынасын дамытуға, басқа адамдардың көзімен қарауына мүмкіндік туғызды. Осы тренинг арқылы оқытушы мен оқушылар арасындағы өзара байланыс тығыз нығая түседі. Психологтар интерактивті әдістерді қолдану арқылы жеке тұлғаның дамуына, қоғамда өз орнын табуға, тәрбиелілікке, оқыту қабілетін жетілдіруге, өзін-өзі кемелдендіруге, ортаға бейімделуге жетелейді. Осы орайда Түркістан облысына қарасты Мақтаарал аграрлық колледжінің әлеуметтік педагогы Ж.Арынова оқушылардың өзіне деген сенімділікті қалыптастырып, пайдалы қарым-қатынас алгоритмін меңгерту, ішкі еркіндік, қарым- қатынас пен іс-әрекеттегі батылдықты дамыту, жазғы демалыс кезінде өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақыру, бірін-бірі тыңдауға, өздерін дұрыс ұстауға(қоғамдық орындарда), сыпайлыққа тәрбиелеу мақсатында «Жазғы демалысты қалай өткіземін?» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында «Ыстық картоп» жаттығуы арқылы жастар жазғы демалысты қалай өткізетіні туралы сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Демалыс кезінде өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы нұсқау-кеңестер айтылды.