"Жазғы демалыста кітап оқимыз!" селфи -челлендж ұйымдастырылды
2022 ж. 14 шілде

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының, Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Шоқан Уалиханов атындағы ШЖЖОМ кітапханасында жазғы демалыс уақытында мектеп білім алушыларын кітап оқуға тарту мақсатында шара ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – ж азғы уақытта балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру; жас оқырманның өзіндік дамуына кітаптың ролін бекіту, оқуға қызығушылықтарын қалыптастыру, балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп кітапханасында онлайн "Жазғы демалыста кітап оқимыз!" селфи -челлендж ұйымдастырылды. Белсенді оқырмандар жазғы уақытта оқып жатқан кітаптарымен суретке түсіп, бір біріне жолдады. Бүгінгі таңда ең оқылымды, қызықты кітаптарды оқып жатқан оқушылар ойға түйгендері мен алған әсерлерін өзара бөлісті. Жасөспірімдерге арналған көркем әдебиет туралы қызықты кітаптар жайлы бір біріне ақпарат берді. Өзіндік дүниетанымына сай келетін қызықты кітаптар көптеп жазылса деген тілектерін де жеткізді. Алдағы уақытта да берері мол мұндай шаралар жалғасын табатын болады. Кітап оқу шараларының жас оқырмандарға берері көп.