«Жаз жайнатып, күн күлдіріп... Біз лагерге барамыз...»
2022 ж. 26 маусым

«Жазғы мектеп – бұл балалардың белсенді демалысы мен белгілі бір пән бойынша интенсивті дайындық жүргізілетін жазғы лагерьдің бір түрі. Жазғы меткеп өз жұмысын жоспарға сәйкес бастайды. Жазғы мектептің мақсаты – оқушылардың тілдік және сөздік, сонымен қатар ойлау қабілеттерін сабақ және ойын іс-әрекеті арқылы жүзеге асыру»,-деп атап өткен болатын ҚР Оқу-ағарту министрі Асхан Аймағамбетов. Жазғы мектеп өз тиімділігін көрсеткен жоқ. Негізінде оқушылардың демала жүріп әрі сабақ оқуы әлемнің дамыған елдерінде бұрыннан қалыптасқан жүйе. Оқушылардың өзі де бұл жазғы мектептке құлшыныспен келеді. Жалпы жаз айларында демалдыра отырып, оқыту әлемді жаулаған коронавирус дертіне байланысты елімізде екі жыл қатарынан карантиндік жағдайға байланысты тоқтап қалған болатын. Енді пандемиядан құтылып, қалыпты жағдайға оралған соң оқушыларға тиімді жоба қайта жалғасын тапты. Кезекті оқу жылын аяқтаған оқушылар жазғы демалысты қызықты өткізуде. Бұл уақыт аралығында оқушылардың басым бөлігі мектептерде ұйымдастырылған жазғы мектептердегі оқуға қатысса, бір бөлігі түрлі демалыс орындарына, ауылға асыққаны анық. Ал, жазғы мектеп біткеннен кейін сауықтыру лагерлері де жұмыстарын бастап, оқушылар жазғы демалыстарын көңілді өткізуде. Жалпы жазғы мектептің де, лагерьлердің де балаларға өте тиімді. Оқушылар білім көкжиегін кеңейтіп, таныстық аясын арттырады. Бір бірімен жақынырақ танысып, адами қасиеттерін дамытады. Білмегендерін ортаға салып, ақылдасады. Көшбасшылық қасиеттерін дамытуға күш салады.Балғын балалардың жазғы демалысын жыл сайын жоғары дәрежеде өткізіп келе жатқан Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Балалардың жазғы сауықтыру демалыс лагері биыл да өз жұмысын бастады. Табиғаты тамсандыратын "Құшата" елдімекенінде орналасқан лагер биыл да 6 ауысымда 900 баланың демалуына жағдай жасап отыр. Солардың алғашқы легі яғни 150 бала қазіргі таңда лагерде демалу үстінде. Балалардың жазғы қуанышы білім саласы басшыларының назарынан тыс қалған емес. Бірінші ауысымның ашылуы салтанатына қатысқан Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мен Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы балалардың қуанышымен ортақтасты. Жас өрендер де қарап қалған жоқ. Өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, биден шашу шашты. Олардың демалыстарына сәттілік тілеген басшылар демалыстарының жайлы болуы үшін барлық жағдай жасалғандығын, жақсы оқып, білімдерін жан жақты жетілдіріп, жаңа оқу жылына зор құлшыныспен бару қажеттігін айтты. Оқушылардың қалай демалып жатқандықтарын сұрады. Кем-кетік бар жоқтығын да назардан тыс қалдырмады. Өз кезегінде балалар ешқандай кемшіндік жоқ екендігін айтып, жақсы демалып жатқандарын тілге тиек етті. Бұдан кейін лагердің тыныс-тіршілігімен, жұмыс барысымен танысып, ұжым мүшелеріне сәттілік тіледі. Өз кезегінде салтанатты шараға қатысқан ата-аналар да лагердің жұмысына жоғары бағаларын беріп, лагерь директоры Бекарыс Ақсақалұлы Шойбеков бастаған ұжымға ризашылықтарын білдірді. Ал, балалар ән мен биден шашу шашып, лагердің көңілді өтіп жатқандығын көрсете білді.