Жаз жайнатып күн күлдіріп...

2022 ж. 12 шілде

Жаз жайнатып күн күлдіріп...

Оқу жылын сәтті аяқтап, білім нәрімен сусындаған оқушылар жазғы демалыстың көрігін қыздыруда. Жазғы сауықтыру Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданының оқушылары үшін биылғы жаз Төлеби ауданында өтіп жатыр. Балалардың демалысын ұйымдастыру Қасқасуда қос өзеннің ортасында Көктөбе сауықтыру кешенінде, спорттық іс-шаралар, көңілді ойындармен құнарлы тамақпен, таза ауада ұйымдастырылған. Демалудан бөлек оқушылар білім деңгейлерін көтеру үшін де түрлі пәндік сабақтар өтуде. Бүгінгі күнге 420 оқушы Жетісай ауданынан барып қайтты. Балалардың демалысын күнделікті инстаграм әлеуметтік желі арқылы ата-аналары көруге мүмкіндік жасалған. Бала қуанышы бәрінен қымбат, жаз маусымы жайдары көңіл күй сыйлаған күндер балалар үшін ерекше естелік.