Заңсыз қаржы жинау жағдайларының алдын алу туралы жиналыс өткізді

2022 ж. 6 шілде

Заңсыз қаржы жинау жағдайларының алдын алу туралы жиналыс өткізді

Түркістан облысына қарасты Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А.Бердалиева, ZOOM конференция платформасы арқылы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының заң бөлімінің маманы, Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің қызметкерлері, бөлімге қарасты барлық білім беру мекемелерінің директорлары қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменттің 1424 Call орталығына «Достық» жалпы орта мектебінің мұғалімдерінен мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты заңсыз ақша жинау фактісі жүріп жатқаны туралы хабарламасы бойынша мектептерде заңсыз қаржы жинау жағдайларының алдын алу туралы жиналыс өткізді.

Жиналыс барысында педагог қызметкерлерден заңсыз қаржы жинауға тыйым салатындығын, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында оны кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейтіндігін және мектеп бітіру кештерін төмендегі тиым салынған ұсынымдарды басты назарға ала отырып, жұмыс жүргізу керектігі қатаң ескертілді:

Оқушылардың қауіпсіздік шаралары:

- әр бір сыныптағы көлік жүргізуге бейім оқушылардың ата-аналарымен жеке түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

- барлық сынып ата-аналарымен жазғы демалыс уақытында оқушылардың өмір қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

Жиналысқа қатысушы мектеп директорлар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, айтылған ескертпелерді болдырмау жағдайында мектептің педагогары мен жалпы ата-аналармен жұмыс жүргізетіндіктерін айтты.