«Жас ұрпақ - оқы және өркенде» атты аудандық байқау өтті
2022 ж. 30 маусым

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданындағы Сарқырама ауылдық кітапханасында «Жас ұрпақ - оқы және өркенде» атты аудандық байқау өтті. Байқау мақсаты - оқырмандарды кітап арқылы Отанын, елін, жерін, ұлтын, ана тілін сүюге тәрбиелеу болып табылады.Байқау шарты бойынша бес бағыттан тұрды: «Туған жер ақындар жырында» атты байқауға қатысушылар жергілікті ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқыды.О.Сүттібаев, Т.Көпбаев, Ә.Қонысбаев, Қ.Сұлтанова.«Тұлға боламын» тақырыбында тұлға болып қалыптасуына әсер еткен кітаптар туралы айтты. Негізінде алдын ала оқуға берілген тізім бойынша берілген кітаптардың ішінен бір кітаптың мазмұнын айтып беру болатын. «Сүйемін туған жерімді» тақырыбы бойынша Төлеби ауданының - 90 жылдығына арнап өлең, эссе жазу. Айнала көкпеңбек, арқасында тау, өзен көлі ағылып, жайлау жарқырап жатқан өлкенің ұл қыздары туған жерге деген махаббаттарын ақ қағаз бетіне төгілтті. «Туған өлке табиғаты» бағыты бойынша табиғаты тұнып тұрған өлкенің сұлулығын сурет бетінде бейнелеу. Тұмса табиғаты тамаша өңірде туып өскен жасөскіндер іркілген жоқ кенеп бетінде керемет бейнеледі. «Менің сүйікті кітабым» атты бағытта жасөскіндер өздерінің сүйікті кітаптарын қорғады. Мазмұнын айтып, әр кейіпкерді жеке талдап, кітапты қалай оқып, қалай қабылдағанын көрермендер алдында қорғады.