Жас өрендеріміз шетелден жүлдемен оралды

2022 ж. 17 шілде

Жас өрендеріміз шетелден жүлдемен оралды

Оқуда озат, мектептің мақтанышы болып жүрген мектеп оқушылары спортта да үздік атануда. Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері жетістіктерімен еліміздің абыройын асқақтатты.Дзюдо күресінен Түркия мемлекетінің Стамбул қаласында 1-7 шілде аралығында жасөспірімдер арасында Хуссейн Озканұлының (Түркияның Олимпиада чемпионы) құрметіне өткен Халықаралық турнирге қатысып жас балуандарымыз жеңіспен оралды. Атап айтсақ: Жиентай Ерасыл 34 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанса, Ташкенбай Айша 32 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды. Ал Тухтарбай Али 29 кг салмақ дәрежесінде, Насиров Еркебулан 32 кг салмақ дәрежесінде, Алжаппар Айша 36 кг салмақ дәрежесінде, Асқар Асхат 50 кг салмақ дәрежесінде, Кучкаров Нұрлыбек 50 кг салмақ дәрежесінде, қола жүлдегері, Есегелді Дармен 50 кг салмақ дәрежесінде, Зайнил Нурбала 48 кг салмақ дәрежесінде, Зайнил Нұржас 50 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды. Жоғарыдағы жас балуандарымызды №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Бейсенбаев Олжабай, Бақытбеков Бағдаттар жаттықтыруда. Дзюдошыларымыз алғаш рет шетел асып жеңімпаз атануы, жүлдеге ілігуі тамаша жетістік. Сонымен қатар жас балуандарымыз мол тәжірибе жинақтап қайтты.