Ұлттық спорт лигасының жарысы салтанатты түрде ашылды

2022 ж. 19 маусым

Ұлттық спорт лигасының жарысы салтанатты түрде ашылды

Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында тұңғыш рет Ұлттық спорт лигасының қыздар арасындағы волейболдан жарысы салтанатты түрде ашылды. Ашылу салтанатында Адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрлыбаев Нұржан Мәдірайұлы құттықтау сөз сөйледі.

Ұлттық спорт лигасының мақсаты студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, насихаттау, жарыстың волейбол түрі арқылы спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Спартакиадаға еліміздің 7 өңірінен (Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, Алматы облысы, Шымкент, Жамбыл, Түркістан) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан 100-ге жуық қатысушылар келді. Ашылу салтанатында "Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінің" студенттері әскери патриоттық өнер көрсетсе, "Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің" 50-ге жуық студенті спорттық биін биледі.