Жарнамалардың мәтіндерін ретке келтіру жұмыстары жалғасатын болады

2022 ж. 16 шілде

Жарнамалардың мәтіндерін ретке келтіру жұмыстары жалғасатын болады

Түркістан қаласы бойынша жарнамалармен ақпараттардың ҚР «Тіл туралы» Заңының аясында Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" КММ-нің мамандарынан құрылған арнайы үгіт насихат тобы бүгін С.Ерубаев көшесі бойындағы шаруашылық субьектілердің маңдайша жарнама жазуларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Арнайы құрылған жұмысшы тобы 30-ға жуық ілінген жарнамаларды бақылап, анықталған кемшіліктер бойынша жарнама иелеріне «Тіл Туралы» Заңының талаптары түсіндірілді. Осы ретте, қаладағы ілінген жарнамалардың мәтіндеріне қөңіл бөлініп ретке келтіру жұмыстары жалғасатын болады.