Жарнама жазуларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді

2022 ж. 16 шілде

Жарнама жазуларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Рухани астанамыз Түркістан қаласына әлемнің әр түкпірінен туристер көптеп келетіні белгілі. Сондықтан да қаланың ажарын ашатын барлық дүние талапқа сай болуы тиіс. Осы орайда Түркістан қаласы бойынша жарнамалармен ақпараттардың ҚР «Тіл туралы» Заңының аясында және "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңының 24-бабы мен "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 75-бабы бойынша Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" КММ-нің мамандарынан құрылған арнайы үгіт насихат тобы бүгін Б.Саттарханов көшесі бойындағы шаруашылық субьектілердің маңдайша жарнама жазуларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Арнайы құрылған жұмысшы тобы 21 маусым күні 30-ға жуық ілінген жарнамаларды бақылап, анықталған кемшіліктер бойынша жарнама иелеріне «Тіл Туралы» Заңының талаптары түсіндірілді. Алдағы уақытта ескертпелерден нәтиже шығару қатаң ескертілді. Егер олай болмаған жағдайда басқаша шара көрілетіндігі де тілге тиек болды. Осы ретте, қаладағы ілінген жарнамалардың мәтіндеріне қөңіл бөлініп ретке келтіру жұмыстары жалғасатын болады.