Жарнама мәтіндерін ретке келтіру жұмыстары жалғасатын болады
2022 ж. 1 тамыз

Түркістан қаласы бойынша жарнамалармен ақпараттардың ҚР «Тіл туралы» Заңының аясында және "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңы бойынша Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" КММ-нің мамандарынан құрылған арнайы үгіт насихат тобы бүгін Тәуке хан көшесі бойындағы шаруашылық субьектілердің маңдайша жарнама жазуларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Арнайы құрылған жұмысшы тобы 25 шілде күні 20-ға жуық ілінген жарнамаларды бақылап, анықталған кемшіліктер бойынша жарнама иелеріне «Тіл Туралы» Заңының талаптары мен "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңы бойынша түсіндірілді. Осы ретте, қаладағы ілінген жарнамалардың мәтіндеріне қөңіл бөлініп ретке келтіру жұмыстары жалғасатын болады.