Заманауи үлгідегі жаңа мектеп ғимараты қолданысқа беріледі
2022 ж. 6 шілде

Оқушылардың білім сапасына заманауи мектептердің зор үлес қосатыны белгілі. Сондықтан да бүгінде Түркістан облысындағы мектептерде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары заман талабына сай, жаңа дизайндық жобамен жүргізілуде. Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округінің Ынтымақ елді мекеніндегі құрылысы бірнеше жылға созылған Рақымжан Қошқарбаев мектебіндегі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ауылдағы бала санының өсуін ескерсек 300 орынға арналған білім нысанына деген қажеттілік артып отыр.
Жауапты мердігерлер ерекше дизайнерлік шешім қабылдағаны өте керемет шыққан. Елімізге еңбегі сіңген ұлы тұлғалардың бейнесі, қанатты сөздері оқушыларға тәрбиелік мән берері сөзсіз.
Түркістан облысына қарасты Келес ауданындағы мектептерде жөндеу жұмыстары ойлағыдай жүріп жатыр. Алдағы уақытта да күрделі жөндеу жұмыстарын бақылауда болады. Биылғы оқу жылы басталғанда оқушылар заманауи жарқыраған жап жаңа мектептерде оқитын болады.