«Жайдары жаз» жазғы мектептің жабылуына байланысты іс-шара болып өтті

2022 ж. 14 шілде

«Жайдары жаз» жазғы мектептің жабылуына байланысты іс-шара болып өтті

Түркістан облысы «Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту» мемлекеттік мекемесіне қарасты С.Адамбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Жайдары жаз» жазғы мектептің жабылуына байланысты іс-шара болып өтті.Жазғы мектептің басты мақсаты: Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. . Білім сапасын арттыру және шектеу шаралары кезінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру мен дамыту мақсатында ұйымдастырылған болатын.

Жазғы мектеп сабақтарына 1-8,10 сынып оқушылары қамтылды. Әр сынып оқушылары топтарға бөлініп, әр пән мұғалімдері өз сабақтарын қызықты өткізе де білді. Ұстаз – тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор. Бос уақыт дене және ақыл-ой қызметін тынықтыратын, қарым – қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шыңдалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды. Осыған орай, балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану мақсатында, олармен түрлі шаралар өткізілді. Іс-шараға барлық жазғы мектепте жүрген оқушылардың барлығы қамтылды.Іс-шара жоғарғы деңгейде өтті.