Жаңа әліпбиге көшуді қолдайды
2022 ж. 29 маусым

Латын әліпбиіне көшудің әлбетте, кейбір қиындықтары болатыны белгілі. Жазу, қабылдау барысында бұрынғы әлипбиге үйреніп қалғандарға оңайға соқпасы анық. Дегенмен, қиындықсыз өтетін реформа тағы болмайды. Алфавит ауыстыру қай кезеңде де оңай болмаған. Еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де ең тиімді тұс осы латын әліпбиіне көшу болмақ. Қоғамда түрлі пікірлер туындауы әу бастан-ақ белгілі-тін. Дегенмен болашақты ойлаған көзі қарақты азаматтардың басым бөлігі жаңа әліпбиге көшуді қолдайды. Латын әліпбиіне көшу - тәуелсіз ел ретіндегі еркін таңдауымыз болмақ. Сондықтан да бүгінде латын әліпбиіне көшу тиімді жол екендігі туралы түрлі түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық-мемлекеттік мекемесі осы тақырыпқа байланысты жұмыстарды қарқынды түрде жүргізуде. Мекеменің жоспары аясындамемлекеттік тілдің латын қарпіне көшу туралы жобасын негіздеу мақсатында орталықтың қызметкері Қудайбергенова Сабира «СөйлеTime» клубының мүшелеріне «Латын әліпбиі: тәжірибе, пікір» тақырыбында клуб мүшелерімен пікірталас сайысын ұйымдастырып өткізді. Мақсаты төл тіліміздің айтылымы мен жазылымы қалай болатынын талқылау. Латын әліпбиінің емле ережелері туралы түсінік беру, сұрақ-жауап арқылы ойларын жинақтап, пікір алмасу. Сайыс өте тартысты өтті. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, латын әліпбиінің артықшылықтары туралы әңгімеледі.