Заң талаптары көрсетілген парақшалар таратылды

2022 ж. 6 шілде

Заң талаптары көрсетілген парақшалар таратылды

Тіл – ұлттың тірегі, ең асыл құндылығы. Демек тілге қамқор ұлтқа қамқор болумен тең. Сондай-ақ Заңда деректемелер мен көрнекі ақпараттар мәтіндерін орфография нормаларына сәйкес, теңтүпнұсқалы аудармасын сақтай отырып, «мәтіннің тең түпнұсқалығы аудармасы» ұғымы енгізілді. Яғни мәтіннің қазақшасы мен орысшасының мағынасы бірдей болуы шарт.

Бұл қадам сауатты жарнамаға қол жеткізуге жол ашты. Ендігі жерде алдымызда кәсіпкерлік субъектілерінің назарына аталған заң нормаларын жеткізіп, бірлесе жұмыс жасау мәселесі тұр.

Заңға енгізілген бұл нормалармен орыс тілінің және басқа да тілдердің қолданылуына шектеу қойылмайды әрі міндеттемейді.

Осы орайда, Түркістан облысына қарасты Кентау қаласының әкімі Р.Аюповтың хаттамалық тапсырмасына сәйкес қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мамандары Абылай хан, Төле би, Яссауи көшелеріндегі кәсіпкерлік нысандарды аралау жұмыстарын жүргізді.

Заң талаптарына сай келмейтін құқықтық және грамматикалық қателіктерге жол беріп отырған кәсіпкерлік иелеріне маңдайша және жарнама жазуларын Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкестендірулерін, сыры кеткен, әріптері түсіп қалған жарнама мәтіндерін қайта жаңарту керектігі туралы түсіндірме-насихат жүргізіліп, деректемелер мен көрнекі ақпарат бойынша заң талаптары көрсетілген парақшалар таратылды.