«Туған өлкенің тарихы» тақырыбында саяхат сабақ өтті

2022 ж. 19 маусым

«Туған өлкенің тарихы» тақырыбында саяхат сабақ өтті

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "Б.Кенжебаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, әрі тарих пәнінің мұғалімі Б.Баскарова 2022 жылы 17 маусым күні "Жазғы мектеп" аясында 5,6-сынып оқушыларымен «Туған өлкенің тарихы» тақырыбында саяхат сабақ өтті.

Мақсаты - Туған өлкенің тарихымен таныстырып, тарихи жәдігерлердің баға жетпес қазына екендігін түсіндіру, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалатын рухани құндылықтарды, тарихи жәдігерлерді қадірлеу, құрметтеу арқылы оқушылар санасына патриотты іс-әрекетке құштарлық сезімін ояту.

Патриоттық тәрбие берудің діңгегі – үлттық сананы қалыптастыру. «Балалар жылы» аясында балаларды рухын көтеретін іс- шараларды ұйымдастырып, барлық жағынан дамуына жұмыс жасалуы керек. Өскелең ұрпақтың дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпы ұлттық міндетіміз. Себебі келешектің тұтқасы білімді ұрпақта,- дей келе «Балалар жылы» аясында мектеп директоры Баскарова Бибажар Тухтабайқызы барша балаларға өз құттықтауын арнады.