Туған өлке тарихын танып....

2022 ж. 30 маусым

Туған өлке тарихын танып....

Оқушыларға тек білім нәрін сеуіп қана емес, олардың Отанға, елге, жерге деген махаббатын арттыру да мектеп мұғалімдерінің басты міндеті болып табылады. Сондықтан да тұрғылықты жерлері бойынша киелі орындарға оқушыларды апарып, тарихымен таныстыру нағыз пән сабағының төресі болып саналады. Қазақ халқының ұлттық санасының ерекшелігі туып-өскен жері, өнген ортасын кие тұтып, оның қадір қасиетін бағалауымен құнды. Аталарымыз "Туған жер - тұғырың, туған ел - қыдырың" деп бекер айтпаған. Киелі, қасиетті нысандар біздің ұлтты рухани жұтаңдықтан сақтайтын символдық қалқанымыз және ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы деп түсінбек. Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданы табиғаты тұнып тұрған тамаша аймақтардың бірі. Тау бөктерінде орналасқан киелі орындар мұнда көп. Жуырда Нысанбек жалпы орта мектебінің оқышулары ауылымыздың аймағында орналасқан "Жылаған ата" киелі орнына 6,7,8 сынып оқушылары, сынып жетекшілері мен педагог ұйымдастырушы А.Айтжан бастаған топ саяхатқа шығып, ондағы орынның тарихы мен табиғатынан жақсы мағлұматтар, рухани азық алып, жақсы демалып қайтты. Ғасырлар қойнауынан сыр шертетін бұл жердің тарихы туралы тереңірек қаузалды. Әулилеі мекенге көз аурулары бар адамдар тәу етіп жиі ат басын бұрады.

Еліміздегі барлық қасиетті нысандар 5 топқа жіктелді. Соның бесінші тобына жататын бұл нысанның маңызы зор.