«Туған өлке тарихы» интеллектуалдық ойындары болып өтті

2022 ж. 8 шілде

«Туған өлке тарихы» интеллектуалдық ойындары болып өтті

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданына 90-жыл толуына орай аудандық әкімдік пен аудандық маслихаттың қолдауымен ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен аудан көлемінде «Туған өлке тарихы» атты интеллектуалды ойынның алғашқы іріктеу кезеңінен жолдама алған 21 команда арасында 1/16 финалдық ойыны болып өтті. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге үлес қосатын мұндай сайыстар ауданда жиі өткізіліп тұрады. Әрі аталған бағыттағы сайыста бағын сынамақты құп көргендердің қатары да қалың болады. Төлеби бабамыздың тарихи болмысын, өмірі мен ілімін ауданға өз деңгейінде танытып, өсиетті сөздерін насихаттау мақсатында өткен сайыстың екінші кезеңінде 21 команда арасында өзара бір-бірімен бақталасты. Сайыс 2 кезеңнен тұрып, бірінші кезең аудан тарихы, жер-су атауларынан сұрақтар қойылса, екінші кезең Төлеби бабаның өмірлік жолы, өсиетті сөздеріне қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Бұдан бөлек, мемлекеттік тілге қатысты, жаңа әліпбиге қатысты қойылған сұрақтарға да қатысушылар толыққанды жауап берді. Сайысқа қатысқан командалардың барлығы да мықты дайындалған. Сұрақтардың барлығына да нақты әрі толыққанды жауап берді. Сайысқа түскен жалпы 29 команданың 16 командасы жолдама алса, бүгінгі ойында: Алатау, Имамдар, Жалын, Ұйымшыл, Көксәйек, Ақкөгершін, Мәслихат, Сайыпқыран, Оңтүстік, Төлеби, Қайнар командалары жеңіске жетіп, келесі 1/8 кезеңге жолдама алса, қалған командалар сайыспен қоштасты. Алдағы уақытта сайыс өз жалғасын тауып, жеңімпаздар финалға шығып, қорытындысымен толық жеңіске жеткендер ауданның 90 жылдығына арналған қорытынды мерекелік концертте ақшалай сыйлықтармен марапатталады.