Тәуелсіз байқаушы бақылауға қатысты
2022 ж. 4 шілде

“Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының 50-тармағы бойынша білім беру ұйымдары басшы лауазымына үміткерлер тестілеуден өткізіліп жатыр. Аталмыш шараны өткізу кезінде Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің тәуелсіз байқаушы ретінде бас маман Әсел Жантас қатысты.
Жалпыға бірдей белгілі жәйт аталмыш тестілеу электрондық форматта жүргізіледі. Бүгінде технолгиялардың қарыштап дамыған заманында ашықтықты және құпиялылықты қамтамасыз ету мақсатында тестілеуді өткізу орны бейне-аудио тіркеу камераларымен толықтай жабдықталған. Кандидаттар тестілеуді өткізу пунктінің ғимаратына кірген кезде жеке басын куәландыратын құжат және рұқсаттама негізінде оның жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі. Тестілеу басталмас бұрын жауапты адам кандидаттарға тестілеу кезіндегі кандидаттарға арналған мінез-құлық ережелерін түсіндіреді. Кандидаттар Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын білуге арналған тестілеуден, "Басқарушылық құзыреттер", педагогика және психология бағытты бойынша тестілеуден өтеді. Өзін лауазымға лайықты саған азаматтар тестілеудің барынша әділ өтетініне сенімді. Әзірге ешқандай заң бұзушылықтар орын алған жоқ.