Тұтынушыларға мемлекеттік тілде сапалы қызмет көрсету туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді
2022 ж. 6 шілде

Түркістан облысына қарасты Шардара тілдерді дамыту орталығы ауқымды жұмыстар атқаруда. Жуырда ғана Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі жеке нотариустармен нотериаттық іс-әрекеттерді жасау кезінде бүгінгі тіл саясаты саласындағы уәкілеттік орган ретінде Министрліктің "Тұтынушыларға құқықтарын қорғау туралы ", Қазақстан республикасындағы тіл туралы " және "Нотариат туралы" ҚР Заңдарының № 20.06.2022 жылғы шығыс хатына сәйкес Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ауданымыздағы нотариустарға Қазақстан Республикасындағы тіл туралы " Заңының 4 - бабына сәйкес нотариаттық іс - қағаздарын тұтынушыларға мемлекеттік тілде толық әрі сапалы қызмет көрсету туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.