Түсіндіру жұмысы жүргізілді

2022 ж. 6 шілде

Түсіндіру жұмысы жүргізілді

Түркістан облысына қарасты Соза аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Балдырған-1» балабақшасы қызметкерлерімен «Қазақ жазуын жаңғырту» тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудағы 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, жаңа үлгідегі латын әліпбиінің маңызын, қажеттілігін барынша түсіндіру, жаңа қазақ жазуын қолданысқа енгізудің негізгі мәселелерін халыққа жеткізу мақсатында өткізілді.

Жиын барысында мекеме қызметкерлері латын әліпбиінің таңбаларымен танысып, көз және жазу дағдысын қалыптастыруға атсалысты. Арнайы диакритикалық таңбалармен белгіленген дыбыстармен мысалдар келтіріп,сөйлемдер құрады. Қатысушылар тақырыпқа орай өз ойларын ортаға салып, қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.