Түркістан облысының мұғалімдері әрдайым алдыңғы орында

2022 ж. 17 шілде

Түркістан облысының мұғалімдері әрдайым алдыңғы орында

Түркістанда алғаш рет Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері, қызметкерлері арасында республикалық спартакиада өтті. Аталған іс-шара спорттың 4 түрінен (волейбол (ерлер, қыздар), футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ) колледж педагогтері мен қызметкерлері өзара бақ сынасты. Басты мақсат- Жалпы білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, насихаттау. Жарыс түрлері арқылы спортқа деген қызығушылығын арттыру. Спартакиадаға еліміздің 16 өңірінен 384 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының мамандары қатысты. Атап өту қажет, бұл Спартакиада Республика бойынша алғашқы рет Түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістан қаласында өткізілді. Жеңімпаздарға алтын, күміс, қола медальдары және жеңімпаз кубоктарымен қаржылай сыйлықтар табысталды. Спорттық жарыстың жалпы есептік қорытындысы бойынша Түркістан облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері 1-орынды иеленді. Екінші орынға Қызылорда облысының мамандары жайғасты. Ал үздік үштікті қарағандылық ұстаздар алды. Бұл айтулы шара енді дәстүрлі түрде өткізіледі. Келер жылы жаңадан құрылған Абай ауданында ұйымдастыру жоспарлануда.