ТҮРКІСТАН: БАЙҚАУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ СЕМИНАРЛАРЫ 10 ҚАРАШАҒА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ

2022 ж. 4 қараша

ТҮРКІСТАН: БАЙҚАУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ СЕМИНАРЛАРЫ 10 ҚАРАШАҒА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ

Түркістан облысында 1 163 860 дауыс беруші, 919 сайлау учаскесі бар. Оның ішінде 26 орын жабық учаске болып саналады. 919 сайлау учаскесінде жұмыс істейтін 6251 байқаушының тізбесі жасақталып, құзырлы органдармен тексерілді.

Байқаушылардың заң шеңберінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері 14 қазаннан бастап байқаушыларды оқыту семинарларын бастады. Оқыту семинарлары 10 қараша күні аяқталады. Бүгінгі күнге дейін 3368 байқаушы оқытылды.

Айта кетейік, 21 қазанда елімізде сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталды. Үгіт жүргізу 18 қараша күні сағат 18:00-де тоқтатылады. 19 қараша - сайлау алдындағы тыныштық күні. …

[15:09, 04.11.2022] Назерке Түркістан Ішкі Саясат: ТҮРКІСТАН: САЙЛАУ ЖАЙЫНДА АҚПАРАТ БЕРЕТІН 258 БИЛБОРД ОРНАТЫЛДЫ

Қазіргі таңда Түркістан облысында орталық сайлау комиссиясы бекіткен эскиз бойынша 344 сыртқы жарнама шығарылып, орналастырылды. Оның ішінде 258 билборд, 45 баннер, 41 лед-экран бар.

Сонымен қатар, өңірдегі 17 аудан, қалада кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 655 орын белгіленіп, кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін 300-ден аса үй-жайлардың орындары нақтыланды.

Аудан, қалаларда президенттікке үміткер кандидаттардың жарнамалық конструкцияларына орындарды бөлу мәселесі пысықталды.

Айта кетейік, елімізде 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауы белгіленген. Дауыс беру осы күні жергілікті уақыт бойынша 07-00-ден 20-00-ге дейін өтеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі