Тәрбиешілер балабақшаға келген әр бала үшін талмай еңбек етуде
2022 ж. 15 шілде

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Ажаркүл ана» бөбекжай балабақшасында Денсаулық саласы бойынша «Шынықсаң шымыр боласың» тақырыбында жазғы сауықтыру аясында іс шара өтті.
Іс- шара мақсаты балаларды ептілікке,жылдамдыққа және командалық ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Шара аясында балаларға арналған әр түрлі кедергілерден өтіп, жеңіс дәмін сезініп шат шадыман көңіл күйге кенелді. Тәрбиешілер балабақшаға келген, бала үшін әрбір күн әсерлі эмоция мен қызықты сәттер сыйлау үшін талмай еңбек етуде.
Ұйымдастырылған іс шарада балаларға керемет көңіл күй сыйлап, жарыс нәтижесінде Достық жеңіп, барлық балалар марапатқа ие болды.