Толағайдан жарыс өтті

2022 ж. 6 шілде

Толағайдан жарыс өтті

Оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында бекітіліп өткізілетін бұқаралық спорттық іс шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2022 жыл «Балалар жыланы» орай Машат шатқалындағы Отырар жазғы балалар сауықтыру лагерінде «Есірткісіз болашақ!» және «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» ұрандарымен кіші футбол, волейбол және толағайдан жарыс өтті. Түркістан облысына қарасты Отырар ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруда ауқымды жұмыстар атқаруда.

Жарысты өткізудегі мақсат - Жасөспірімдерді жаман жолға түсуінің алдын-алу және салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен шұғылдануға деген қызығушылықтарын арттыру. Тартысты әрі қызықты өткен жарыста, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге және үздік ойыншыларға мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі дайындаған диплом, медаль, кубок және арнайы сыйлықтар тапсырылды.