«Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы өтуде
2022 ж. 14 шілде

Түркістан облысы Полиция департаментінің нұсқауына сәйкес, Бəйдібек аудандық ЮПТ мен Бəйдібек ауданының адами əлеуетті дамыту бөлімі жəне тағы басқа тиісті мекемелермен бірлескен түрде 2022 жылдың 27-29 маусым күндері Бәйдібек ауданы аумағында "Түнгі қаладағы балалар" атты профилактикалық іс-шарасы бастау алды. Іс-шараның мақсаты -жасөспірімдер арасындағы əкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу,
қылмысты болдырмау, кəмелеттік жасқа толмаған балалардың ойын сауық орындарында жəне түнгі беймезгіл уақытта ауладан тыс жерде жүруіне жол бермеу. Аталған іс-шара жоспарлы түрде рейдтік кестеге сəйкес жалғасын табуда.