«ТМД-ның Үздік түлегі – 2022» атанды
2022 ж. 18 шілде

Сауран ауданында кезекті жақсы жаңалық орын алды. Түркістан облысына қарасты Ескi Иқан ауылында үлгiлi отбасылардың бiрi Бахриддиновтар әулетінің қызы, С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінiң 7 курсын үздiк бiтiрген Шамсиддинова Камила Зарбитдиновна Нұр-Сұлтан қаласында болып өткен "Bilim-orkenieti" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен Үздік студенттер академиясының ұйымдастыруымен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының студенттерi арасында өткiзiлген халықаралық байқауға қатысып, қазылар алқасының шешімімен жеңімпаз атанып, Нұр-Сұлтан қаласындағы Министрлiктер үйiнде "ТМД-ның Үздік түлегі-2022» атты төсбелгі мен куәлiк табысталды және I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сонымен қатар Шамсиддинова Камила Зарбитдиновнаға Қазақстан республикасы "Bilim-orkenieti" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, жастар саясатына қосқан үлесі үшін және көшбасшылық қабілетіне байланысты "ҚР Жастар саясатына қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталды және куәлік берілді жәнеде студенттiк өмірде қоғамдық iс-шараларға белсене қатысқаны үшін "Қоғам белсендісі» дәрежесі берілді. Әрiне осы күнге дейін осындай жетiстiктер мен нәтижеге жетуiнде бағыт бағдар көрсетiп ұдайы қолдау бiлдiрiп осы дәрежеге жеткiзiп отырған ата- анасының еңбектерi жоғары. Елімізге , жалпы қоғамға еңбек ететін бiлiмдi де талантты жас кадрлар көп болсын.