Түлкібаста тұңғыш рет Түркістан облыстық кітапханашылар слеті өтті
2022 ж. 16 шілде

Түркістан облысына қарасты Түлкібас аудандық орталық кітапханалар жүйесіне қарасты Жабағылы ауылдық кітапханасында «Жаңа форматтағы кітапханалар. Жаңашыл кітапханашылар» атты Түркістан облыстық кітапханашылар слеті өтті. Алғаш рет өткен шараны Түркістан облыстық А.С.Пушкин атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы және Түлкібас аудандық ОКЖ ұйымдастырды. Оқушылардың жалпы көпшіліктің кітап оқуға деген, білім арттыруға деген құштарлығын арттыруда кітпаханшылардың алар орны ерек екендігі белгілі. Алдымен кітапханашылар ашық аспан астындағы Жабағылы ауылдық кітапханасының жұмысымен және кітап көрмесі, инсталляциялармен танысты.
Шара барысында, Облыстық кітапхана басшысы Жанат Шардарбекова кітапхана ісінің өркендеуіне үлес қосқан, мәдени құндылықтарды жандандыруда еселі еңбек еткен кітапханашыларға алғыс хаттар жариялады. Төлеби ауданы Кеңесарық ауылдық кітапхананың кітапханашысы Айнабекова Коку Хасанқызын Қазақстанның Кітапханашылар ассоциациясы тағайындаған «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталды!