Түлектерге аттестат тапсыру мерекелік іс-шарасы өткізілді
2022 ж. 19 маусым

Ұстаздардың оқушыларының болашығ үшін қаншалықты тер төккені мектеп түлектерінің жоғары жетістігімен де бағаланса керек. Он бір жыл бойы мектеп қабырғасында алған білімін жоғары дейгейде көрсете білу түлектер үшін де оңай емес. Бүгінде түлектер мектеп қабырғасымен қоштасып, аттестат алып жатыр. Күні кеше Түркістан облысына қарасты Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Жұмабек Ташенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде "Балалар жылы" аясында «ТҮЛЕК 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты түлектерге аттестат тапсыру мерекелік іс-шарасы өткізілді.
Биылғы 2021-2022 оқу жылында 11- сыныптар бойынша 26 түлек бітірсе, оның 1 -і "Алтын белгі" және 1 түлегіміз «Ерекше үлгідегі аттестатқа» аяқтап отыр. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздардың еңбегін аялап, өсірген ата - аналарының үмітін ақтап, мектеп бітірушілер үшін де, ұстаздар мен ата - аналар үшін де қуанышты салтанатты сәт.
9-сыныптар бойынша 30 оқушы бітіріп, оның ішінде 2 оқушы "Үздік" аттестатқа аяқтады.