«Тілді меңгертудің тиімді әдістері » тақырыбында семинар-тренинг өтті

2022 ж. 17 шілде

«Тілді меңгертудің тиімді әдістері » тақырыбында семинар-тренинг өтті

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалының қызметкерлері қалалық тілдерді оқыту- әдістемелік орталығы « Тіл үйретудегі белсенді әдіс-тәсілдер» тақырыбында ұйымдастыраған семинар –тренингке «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Жаңагүл Төребекқызы қатысып, « Тілді меңгертудің тиімді әдістері » тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Семинарға қаламыздың ЖОО , жалпы орта білім беретін мектеп мекемелерінің, тіл үйрету орталықтарының қазақ тілі мамандары қатысты. Жаңагүл Төребекқызы өткізген семинар-тренингке қатысушылар өте белсене қатысты және бұл жаттығулардың тілді меңгертудегі тиімділігін жоғары бағалады.

Тіл мамандарының өзара тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндіктер туғызатын мұндай мазмұнды іс - шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба беретінін және арнайы келіп тәжірибелерімен бөліскен мемлекеттік тілді дамытудағы еңбектенуші тіл майталмандарын орталық директоры Гүлмира Қалыбайқызы алғыс хатпен марапаттады. Қатысушыларға сертификат берілді.

«Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Жаңагүл Төребекқызы Кужимова