Тіл сауаттылығын арттыру үшін...

2022 ж. 16 шілде

Тіл сауаттылығын арттыру үшін...

Ұлт ұстазының ұлы есімін ұлықтау мақсатында бүгінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай, Түркістан облысында түрлі ауқымды шаралар өткізілуде. Олардың басым бөлігі латын әліпбиіне көшуді насихаттау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тіл байлығын арттыру мақсатын көздейді. Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінен диктант алынды. Аталмыш шара тіл сауаттылығын арттыру мақсатында өткізіліп отыр.