Тіл міндеті түсіндірілді

2022 ж. 30 маусым

Тіл міндеті түсіндірілді

ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 26-бабына сәйкес сатушы өзінің атауын (фирмалық атауын), орналасқан жерін (заңды мекенжайы мен телефон нөмірін), жұмыс режимін, тауарды өткізу шарттарын, сондай-ақ сатушының тауарды сату кезінде тауарды сатып алу фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу кезінде жасалған шартты беру міндеті туралы ақпараттарды қазақ және орыс тілдерінде тауарды өткізу орнында орналастырып, көрсетілген ақпаратты тұтынушының назарына жеткізуге міндетті. Сондай-ақ Заңның 33-2 бабына сәйкес сатушы тауарды өткізу орнында уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін), сондай-ақ тұтынушының өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін оларға немесе сотқа жүгіну құқығы туралы ақпаратты орналастыруға міндетті екені көрсетілген. Көрсетілген тиісті ақпараттар тұтынушыларға арналған «Ақпараттық стендтерде» (Тұтынушылар бұрышында) орналастырылады. Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданыныңың мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, бөлім мамандарымен бірге аудандағы «Атакент» кентінде орналасқан қызмет көрсету орталықтары, орта және шағын кәсіпкерлік нысандары ,нотариалдық кеңселерін аралап, "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24- бабын (жұмыс,көрсетілетін қызмет), "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" ҚР Заңының талаптарын орындау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы " Қазақстан Республикасы Кодексінің 75 бабына сәйкес жоғарыда көрсетілген Заң талаптары бойынша тұтынушыға қажет ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде беру міндеті түсіндірілді. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру бағытында атқарылар шаруалар ауқымды. Қазақ тілінде сауатты әрі қатесіз жазу жолдары түсіндірілді.