Тіл үйретудің озық әдістерін жұмыста қолдану үшін өзара тәжірибе алмасты
2022 ж. 20 маусым

Қазір әдістеме ғылымында қазақ тілін үйрету мен оқытудың жаңа технологиясы деген ұғым кеңінен қолданылуда. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланыста. Екеуінің де мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдары. Бүгінгі таңда басты міндет – оқушыға тіл үйрету, жұмысты жаңашаландыру – жаңа технологияны енгізу. Бұл ұғым біздің өмірімізге берік еніп келеді, дегенмен оның мән-мағынасы туралы пікірлер сан алуан. Қазіргі заман талабына сай қазақ тілі сабақтарында қолданып жатқан жаңашыл әдіс – тәсілдері өз сабақтарында қалай пайдаланып жатқандығын жөнінде әріптестермен бөлісу.
Мемлекеттік тілдің жоғарғы деңгейде оқытылуы оқушы санасына сіңірлетін білімнің сапасымен өлшенеді.
Сондықтан да әрбір ұстаз үнемі шығармашылық ізденісте болуы керек. Осыған орай түрлі жиындар, іс-шаралар ұйымдастырылуда. Күні кеше Түркістан облысының орталығында «Тіл үйрету және жаңа технология» тақырыбында арнайы семинар болып өтті. Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық Тілдерді оқыту және дамыту орталығының әдіскері Б.Абдижалилова Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында өткен Тілдерді оқытуда жаңа технологияларды қолдану, оқытушылардың тілдерді оқытудағы әдістемелерін жетілдіру, сондай-ақ осы сала бойынша тиімді бағыт беру, өзара тәжірибе алмасуға және біліктілікті арттыруды мақсат еткен семинар көздеген нәтижеге жетті. Түркістан облысының аудан, қалаларының тілдерді оқыту орталықтарының әдіскерлері мен қазақ, орыс, ағылшын тілі оқытушылары тәжірибелі мамандардың дәрістерін таңдап, білімдерін жетілдіріп, тіл үйретудің озық әдістерін жұмыста қолдану үшін өзара тәжірибе алмасты.