«Тіл үйрету және жаңа технология» тақырыбында семинары өтті

2022 ж. 6 шілде

«Тіл үйрету және жаңа технология» тақырыбында семинары өтті

Түркістан облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 15 маусым күні қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйретудің әдіснамалық және авторлық әдістемелердің негіздерін қалыптастыру мақсатында «Тіл үйрету және жаңа технология» тақырыбында облыстық семинары өтті.

Семинарға аудандық және қалалық тілдерді оқыту орталықтарының әдіскерлері мен қазақ, орыс, ағылшын тілі оқытушылары тәжірибе алмасты.

Бұл шарада ҚА.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Әлем тілдері кафедрасының аға оқытушысы Исрайлова Майра Құдайбергенқызы, Жамбыл облысының тілдерді оқыту орталығының аға әдіскері Маханова Перизат Атабекқызы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Филология факультеті, Ағылшын филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушысы, ф.ғ.к. Сахиджанова Зада Омарғазықызы және Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының оқытушылары Тузулбаева Арайлым Тохмаратқызы, Болат Мөлдір Абайқызы өз ісінің нағыз мамандары – тіл ғалымдары оқытушылардың тілдерді оқытудағы әдістемелерін жетілдіру, сондай-ақ осы сала бойынша тиімді бағыт беріп, өзара тәжірибе алмасып шеберлік сағаттарын өткізді.

Аталған семинар алдағы уақытта да жалғасын тауып, үздік әдістемелік идеялар ортаға салынатындығына сенім мол.