«Тіл-достық көпірі" байқауын өткізді

2022 ж. 16 шілде

«Тіл-достық көпірі" байқауын өткізді

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойына орай, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, ел ішінен талапты, талантты жастарды анықтау мақсатында Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" КММ-сі "Тіл-достық көпірі" байқауын өткізді.

Байқаудың қазылар алқасы құрамында Халықаралық қазақ тілі қоғамының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бақытжан Сүлейменұлы, Қазақстан педагогика академиясы профессоры,Қарашаңырақ қоғамдық бірлестігі төрайымы, Журналистер одағы мүшесі Пашанова Алима, Түркістан қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің дамыту бөлімінің меңгерушісі Журкаева Жансулу қазылық етті.

Байқау қорытындысы бойынша Жанызақ Жанна бас жүлде, Қуандық Арайлым І орын, Бөртай Алмаз ІІ орын, Қамзабек Алсу ІІІ орын иеленді.

Жеңімпаздарды "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" КММ-нің директоры С. Таштеев диплом мен арнайы сыйлықтар табыстады.