«Тұғыры биік Төлеби тарландары» атты іс-шара өткізілді

2022 ж. 17 шілде

 «Тұғыры биік Төлеби тарландары» атты іс-шара өткізілді

Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы аса зор. Ұлттық ойындар қазақ халқының ежелгі - мәдениеті мен өнерінің де ешкімнен кем болмағанын байқатады. Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай халық. Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып жатыр. Ата – бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Шындығына келсек өмір сүруімізде ұлттық ойындардың атқаратын міндеті айрықша. Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі.

Қазақ халқы ежелден бала тәрбиесіне аса зор мән беріп, олардың жауынгерлік рухта ержетуін ұқыптылықпен қадағалаған.

Жалпы баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті ойын арқылы басталады. Ойын адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Сондықтан бала үшін ойынның мәні ерекше. Ойын баланың негізгі іс - әрекетінің бір көрінісі болып табылады. Қазақ халқының ұлы ойшылы А. Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болама?» деп айтқандай ойын бала өмірінде ерекше орын алады. Ойынды көркемдік іс - әрекетінің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойынға шартты түрле мақсаттар қойылады, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс - әрекет бала үшін қызықты. Ойын балаларға ақыл - ой, адамгершілік дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі. Балалар ойын барысында өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Осындай мақсатта Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Аршалы» бастауыш мектебі» КММ-нің ішкі жоспары бойынша мектеп меңгерушісі К. С. Оналбековтың бастамасымен Төлеби ауданының 90 жылдығына және жастар жылына орай «Тұғыры биік Төлеби тарландары» атты іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға ұлттық спорт түрлерін өркендетуге айрықша еңбек сіңіріп жүрген спортшылар, жат­тық­ты­рушылар, ұйымдастырушылар, Қаратөбе ауылымыздан, мектебімізден шыққан чемпион түлектеріміз шақырылды. Спортшыларымыз оқушыларға ақыл-кеңестерін айтып, спорт түрлерімен таныстырып, бірнеше жаттығулар көрсетіп, болашаққа апарар шабыт сыйлап, ұлттық спорт түрлерін дәріптеді.

Қуанышбек Оналбеков