Теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып біліктілік дағдыларын көрсете білді

2022 ж. 16 шілде

Теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып біліктілік дағдыларын көрсете білді

Түркістан облысына қарасты Мақтаарал аграрлық колледжі осы уақытқа дейін білімді де білікті мамандар даярлап келеді. Колледж түлектері бүгінде еліміздің әртарабында қызмет атқарып жүр. Жуырда аталмыш колледж базасында бітіруші түлектерге арналған WorldSkills бағалау жүйесі бойынша демонстрациялық емтихандар қорытынды біліктілік емтихандары өткізілді.

Демонстрациялық емтихан макеттермен, модельдермен, мультимедиялық құралдармен, оқу-әдістемелік нұсқаулықтармен және арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған оқу-өндірістік шеберханалар мен зертханаларында өткізілді. WorldSkills бағалау жүйесін яғни, демонстрациялық емтихандар ендіру мақсатында Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша) мамандығы Техник-электрик біліктілігі бойынша алты білім алушы және Ветеринария мамандығы Ветеринарлық фельдшер біліктілігі бойынша он білім алушы қорытынды біліктілік емтихандарын тапсырды. Қорытынды біліктілік демонстрациялық емтихан барысында бітіруші түлектер өздерінің бейімділігін, шеберлігін алған теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып біліктілік дағдыларын көрсете білді.

Тапсырмалар стандартқа сай толыққанды орындалып, қатысушылардың жұмыстары жоғары дәрежеде бағаланды.