Теория мен тәжірибені терең ұштастырған

2022 ж. 12 шілде

Теория мен тәжірибені терең ұштастырған

Түркістан облысына қарасты Шардара колледжінде 29 маусым күні демонстрациялық емтихан өтті. Демонстрациялық емтихан 1114000 – Дәнекерлеу ісі және 1201000 – Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандықтары бойынша алынды. Демонстрациялық емтиханға «А.Р.Т.-Құрылыс» ЖШС директоры Бақдаулет Асилбекұлы, Акбаров Қ. А - «Шардарасервис» МКК директоры, Оспанов М.Т– «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» Шардара аудандық бөлімінің бастығы, Есалиев Ш А – «Шардарасервис» МҚК бөлім басшысы, «Ancon» ЖШС директоры Мамытов Нұржан Қалилаевич, Куралбаев М.Ж - ЖШС «Шардара автобус паркі» директоры, Оспанов М.Т – «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» Шардара аудандық бөлімінің бастығы, Сагатюк Ю.Д – «Сервис Лада» автокөліктерге техникалық қызмет керсету станциясының механигі сарапшылары қатысты. Теория мен тәжірибені ұштастыра отырып білім алған студенттер жоғары нәтижеге қол жеткізіп, емтиханды ойдағыдай тапсырды. Оқу процесінен бөлек тәжірибенің орны бөлек екендігін терең ұғынған оқытушылар ең бастысы студенттерге тәжірибеге көп көңіл бөлген болатын. Соның арқасында студенттер бар білгендері мен көңілге түйгендерін ортаға салып, емтиханда үздік нәтиже көрсетті.