EuroVelo & Cycling Tourism конференциясы жыл сайынғы шараға айналады
2022 ж. 27 мамыр
Биыл мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем беретін Конституциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш өткізілмек. Осы орайда, Арыс-1 вокзал қызметкерлері референдумның маңыздылығын түсіндіру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиын барысында теміржолшыларға референдум өткізу - саяси дамудың келесі кезеңі екендігін айтып, референдум арқылы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа жүйесіне көшу жүзеге асырылатындығын жеткізді. Кездесуде қатысушыларды елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізетін, еліміздің Ата заңы - Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдап, маңызды күні науқанға белсенді қатысуға шақырды. Өз кезегінде теміржолшылар да Президент Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 5 маусым күні өтетін жалпыхалықтық Референдумды қолдайтындарын айтты.